Елімізде шетелдік 215 телеарнаның өкілдігі ашылды. Cоған сай компаниялармен арнаның бағдарламасы және жарнама жөнінде тікелей келіссөз жүргізуге болады. Осыдан бұрын Қазақстан аумағында 88 арнаның жұмысы тоқтатылғанын белгілі. Дегенмен, алдағы уақытта бұл арналардың да ҚР аумағында өз өкілдіктерін ашуына мүмкіндік бар.
"Бұрын шетелдік телеарналар болған жоқ, олар тек бізде көрсетті. Келіссөздерімізге қатысқан да жоқ. Сондықтан да олар 215 телеарнаның өкілі ашылып, бірге жұмыс істеуді бастаймыз" – деді Үкімет отырысында Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, үкімет отырысында Д. Абаев 5G және дата-орталықтар сынды жобалардың жүзеге асуы жайында баяндады. Оның айтуынша, келер жылы Мысырда өтетін Дүниежүзілік радио байланысы конференциясында Халықаралық электр байланысы одағымен 5G стандартын қабылдауы тиіс. Содан кейін біздің елде де бұл жаңалықты енгізуге болады.
Жаңа жүйе алдымен Астана, Алматы қалаларында және Алматы мен Ақмола облыстарында тестілеуден өтеді. Кейін халық саны 50 адамнан асатын елді мекендердің барлығы 5G интернетпен қамтамасыз етілмек.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы