Біріккен Штаттар соңғы жылдары сенімді серіктес ретіндегі беделін түсіріп алды. Сондықтан да, Уашингтон сенімге лайық емес. Иран президенті Хасан Рухани КХДР-ның Сыртқы істер министрі Ли Ен Хомен кездесу кезінде осылай деп ескерту жасады, - деп жазады «lemonde.fr».
«АҚШ-тың соңғы жылдардағы әрекеті америкалық әкімшіліктің өзіне алған міндеттемелерді орындамайтын сенімсіз серіктес ретінде қабылданады. Мұны бүкіл әлем солай көреді», - деп жазады «lemonde.fr» басылымы Иран президентінің сөзіне сілтеме жасап. Президент Х.Рухани Теһран мен Пхеньянның соңғы онжылдықтағы достық қарым-қатынасы туралы айтып, «Иран мен Солтүстік Корея әрқашан бірдей көзқараста болды», - деген.
Солтүстіккореялық министр Ли Ен Хон да АҚШ-тың Иранмен жасалған «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасынан» шығуын «халықаралық құқықты бұзушы әрекет» деп атаған. Еске салайық,
КХДР-ның Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо 7-тамыз күні Иранға респи сапарға барған еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел