Америка Біріккен Штаттары егер Анкара билігі америкалық пастор Эндрю Брансонды қамаудан босатпаса, Түркияға санкция салуы мүмкін. Ақ үйдің ресми өкілі Хоган Гидли кеше, 26 шілде күні АҚШ президенті Дональд Трамптың осы мәселеге қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды «24heures.ch».
«Президент пастордың АҚШ-қа қашан оралатынын күтуде. Егер, ол жақын күндері еліне қайтарылмаса, Түркия Америка тарапынан санкциялар күте берсін», - деген ол. Кеше, АҚШ әкімшілігінің басшысы Уашингтонның америкалық пасторды қамауға алғаны үшін Түркияға қарсы «едәуір көлемде санкция» енгізетінін хабарлаған еді. Алайда, осыған дейін АҚШ вице-президенті Майкл Пенс АҚШ билігі мұндай шешімді егер Анкара Брансонды бостандыққа шығармаған жағдайда ғана қабылдайтынын мәлімдеген еді.
Еске салайық, Түркияның Измир қаласында тұратын протестанттық пастор 2017 жылы қамауға алынған еді. Оған Түркияда тыйым салынған Күрд жұмысшылар партиясы мен «Фетуллаһшылар террорлық ұйымымен» (ФЕТО) байланысы бар деп айып тағылған. Осы соңғысын Түркия 2016 жылы орын алған төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп санайды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті