ХАМАС қозғалысы ЕО Кеңесінің ХАМАС -ты террорлық топ деп таныған шешімін алып тастау туралы Еуропа сотына талап түсірді. Бұл туралы «haberler.com» хабарлайды.
Еске салайық, 2018 жылдың 21 наурызында Еуроодақ Кеңесі терроризммен күрес шаралары жүргізілуі тиіс топтар мен ұйымдардың, тұлғалардың тізімін жаңартқан еді. Осы тізімге енгізілген ХАМАС қозғалысының өкілдері бұл шешімді қате деп қана санамайтындықтарын, сонымен қатар, дербес топтардың құқығына қол сұғу деп бағалайтындықтарын айтты. Негізі, Еуроодақ 2001 жылдың желтоқсан айында ХАМАС-ты террорлық топ қатарына жатқызатындығы туралы шешім қабылдаған еді. Ал, 2014 жылы Еуропа соты оны осы тізімнен алып тастаған болатын. Бірақ, осы жылдың наурыз айында шешімін қайта өзгерткен Еуроодақтың ХАМАС-ты террорлық ұйым деп санаған пікіріне Израиль, Канада, АҚШ және Жапония елдері де қосылатындықтарын мәлімдеді. Иорданияда оның қызметіне тыйым салынған. Австралия мен Ұлыбританиядағы осы қозғалыстың әскери қанатының өзі террорлық ұйым тізіміне жатады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті