Еурокомиссия Еуропа Одағының Сотына Мажарстанның (Венгрия) үстінен шағым түсірді. Айта кету керек, Мажар үкіметі босқындарды қабылдамауға қатысты заң қабылдаған еді. Бұл туралы «eadaily.com» агенттігі Еурокомиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еурокомиссияның бұл шешіміне Мажар үкіметінің антимиграциялық заңдар жинағын қабылдауы себеп болған. Еуроодақ заңына қайшы келетінін ескерткеніне қарамастан, Мажарстан босқындарды қабылдауға қатысты заңға қол қойған. Неізінде, Еурокомиссия Мажарстанға түгелдей болмаса да, ЕО заңдарына сәйкес келмейтін тұстарын алып тастауды талап етіп, ресми түрде ескерту жолдаған. Енді, Мажар үкіметінде осы талапты орындауңа екі ай бар. Әйтпеген жағдайда Еуроодақ тарапынан санкция салынуы мүмкін. Еске салайық, Еурокомиссия ЕО заңдарын бұзу ісі бойынша тексеру бастаған болатын. Оған Мажарстанда босқындарға қатысты қабылданған заңдар себеп болған еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы