Еуропа одағы елдері Ресейге қарсы санкциялық шаралар аясында жаңа тізімдер жасады. Олардың бұл қадамдарына Қырым көпірінің салынуы себеп болған. Бұл туралы Еуроодақтың ақпарат көзіне сілтеме жасап, 20minutes.fr агенттігі хабарлады.
Еуроодақ елшілері ЕО елдерінің тұрақты өкілдері комитетінің отырысында санкция тізімін жасаған. Олардың сөзінше, Ресейдің Қырым көпірін салуы Украинаның тәуелсіздігі мен егемендігіне, аймақтық тұтастығына қауіп төндіреді. Енді, Еуроодақ Кеңесі осы санкциялар бекіткеннен кейін, күшіне енбек. Еске салайық, бұдан бұрын да ЕО Қырым украиналық аймақ болып саналады деп, түбекті Украинаға қайтару шартымен Ресейге қарсы санкциялар салған еді.