Ауған тәлібтері мен Ашраф билігі арасында жасалған бітімге қарамастан, жыл басынан бері қаза тапқан Ауғанстан тұрғындарының саны рекордты көрсеткішке жеткен. Бұл туралы БҰҰ хабарлайды, - деп жазады «centrasia.ru» агенттігі.
Агенттіңтің хабарлауынша, осы жылдың алғашқы алты айында 1692 адам қаза тауып, 3430 адам жарақат алған. Бұл 2009 жылдан бергі уақыттармен салыстырғанда бірнеше пайызға артық. «Біз қақтығысты бейбіт түрде реттеу үшін тараптарды барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамыз. Бұл — азаматтық тұрғындарды қорғаудың тиімді әдісі», - деген Ауғанстандағы БҰҰ миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото. Миссияның қорытынды есебінде үкіметтік емес қарулы топтардың қолдан жасалған жарылыс заттарын пайдалануы азаматтық тұлғалардың ажалына себеп болушы бірден-бір фактор. Террористердің шабуылы салдарынан 427 адам қаза тауып, 986 адам жараланған. Ал, тұрғындардың қаза болуларына себеп болушы екінші фактор — қарулы күрестер. Олардың қатарында — әдейі ойластырылған қастандықтан, жарылыс заттары.