АҚШ билігі ЕО, Канада, Қытай, Мексика және Түркия елдерінің Ақ үйге жауап ретінде енгізген кедендік салықтары үшін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына шағым түсірді. Бұл туралы мәліметті АҚШ Сауда өкілі Басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Америкалық ведомоства жоғарыда аталған елдердің алюминийі мен болатына салынған АҚШ-тың кедендік салықтары «халықаралық келісімшарттарға сай» деп есептейді. Сондықтан, аталған елдердің осы әрекеттері «халықаралық құқықтарға сәйкес келетін ешқандай негізге ие емес». «Біздің кейбір сауда серіктестеріміз ортақ мәселелерді шешу үшін бірге жұмыс істеудің орнына, салық енгізуге шешім қабылдады. Олардың мақсаты америкалық фермерді, жұмысшыларды және компанияларды жазалау», - деген АҚШ-тың ДСҰ-ғы сауда өкілі Роберт Лайтхайзер.
Естеріңізге салайық, осы жылдың басында Дональд Трамп жоғарыда аталған елдерден шығарылатын болатқа 25%, ал алюминийге 10% көлемінде кедендік салық енгізген еді. Кейіннен, АҚШ қытай техникасына да 25%-қ салық енгізді. Осыған жауап ретінде Қытайдың Тарифтік комиссиясы жалпы сомасы 50 миллиард доллар көлеміндегі америкалық тауарларға 25% көлемінде салық енгізуге шешім қабылдаған еді. Сондай-ақ, Канада да америкалық өнімдерге кедендік салық енгізгені туралы хабарлаған болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы