Уашингтонда (Вашингтон) Ресей Федерациясының азаматшасы Мария Бутина Кремльдің жоғары шенді тұлғасының нұсқауымен АҚШ саясатына ықпал етуге тырысуда деген айыппен тұтқындалды. Бұл туралы АҚШ-тың Әділет министрлігі хабарлады, - деп жазады франциялық «lemonde.fr» сайты.
АҚШ Әділет министрлігі 2015 жылдан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін Бутина Ресей үкіметінің жоғары шенді шенеунігі — РФ Госдумасының бұрынғы депутатына жұмыс істеген деп хабарлады. Соттық құжаттарда Ресей Федерациясының мүддесіне сай жұмыс істеген ресейлік азаматша америкалықтармен жақын қарым-қатынаста бола отырып, РФ-ның саяси мүддесін дамыту үшін АҚШ саясатында ықпалды рөлі бар ұйымдармен тығыз араласқан. Мәлімдемеде оның Ресей үкіметінің тыңшысы ретінде ресми түрде тіркеусіз жұмыс істегені жазылған. Осы қылмысы үшін Бутина 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол 2018 жылдың 15 шілдесінде Уашинтонда тұтқындалған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті