Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Нангархар қаласындағы террористердің басты базасын жойды, - деп хабарлайды CA-NEWS агенттігі ауғанстандық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, шетелдік әскерлердің көмегімен ауғанстандық күштер Пәкістанмен шекаралас Нангархар қаласына қарасты Хаска Мина ауданындағы негізгі нысанды жойған. Бұл әскери операция 11 күн бұрын басталып, халықаралық күштердің әскери-әуе күштерінің қолдауымен жүргізілген. Қазіргі уақытта ДАИШ-тың 150 террорисінің көзі жойылған. Кейін белгілі болғандай, террористер осы әскери нысандары арқылы ел астанасы Кабул мен басқа орталықтарға шабуыл жасауды жоспарлаған. Осы операция қимылдары әлі жалғастырылуда. Ал Ауғанстанның бірқатар ауылдары ДАИШ террористерінің бақылауында.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді