Түркия билігі елдің парламенттік басқарудан президенттік басқаруға өту мәселесін заңмен бекітетін жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, аталған құжат премьер-министр мен үкіметтің өкілеттілігін президент Режеп Тайып Ердоғанға берілуін реттейді, деп хабарлайды түркиялық «abhaber.com» агенттігі.
Аталған құжатта көптеген заңдар мен өзге де құқықтық актілерге түзетулер енгізу қарастырылған. Сонымен қатар, 2017 жылғы конституциялық референдум нәтижесінде қабылданған мемлекеттің басқару формасын өзгерту туралы шешім де күшіне мінеді. Билік формасы Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсімінен кейін өзгертілмек.
Еске салайық, 2017 жылдың 16 сәуірінде мемлекет басшысының өкілеттілік аясын кеңейтуге бағытталған және мемлекеттік заңға өзгерістер енгізу референдумы өткен еді. Республика тұрғындарының 51 %-ы аталған заң жобасын қолдап, дауыс берген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді