Йеменнің премьер-министрі Ахмет бин Дагр елдің солтүстігіндегі босқындарды қабылдап, орналастыруға шешім қабылдады. Оның сөзінше, «Ансаруллаһ» (хүситтер) қозғалысы көтерілісшілерінің бақылауында қалған аудандардағы босқындар Йемен астанасы Аденге уақытша орналастырылмақ.
«Солтүстік аймақтардағы тұрғындардың Аден қаласына келулеріне заңмен рұқсат етілген. Балалар мен әйелдерді қиын жағдайда қалдыруға болмайды. Бұл біздің салтымыз бен адамдық қасиетімізге жат нәрсе», - деген ол мәлімдемесінде.
Йеменде 2014 жылдан бері қарулы қақтығыс тоқтамай келеді. Сауд-Арабиясының жетекшілігіндегі одақтастар тарапынан қолдау көруші үкіметтік күштер мен хүситтер арасындағы қатаң қақтығыс Йеменнің батыс аймағында әлі жалғасу үстінде. Ұрыстың бір жағында «Ансаруллаһ» шииттік қозғалысының көтерілісшілері мен Йеменнің «тақтан құлатылған» президенті Әли Абдуллаһ Салехтың жақтастары, ал екінші тарапта — Йеменнің қазіргі президенті Әбд-Раббу Мансур Хадиге берілген үкіметтік әскер. Осы қақтығыстан жүздеген отбасы үй-жайларын тастап, безіп кеткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді