Сүрия әскері мен оның одақтастары елдің оңтүстігіндегі заңсыз қарулы құрылымдарды жеңуге жақындап қалды. Бұл туралы «Хезбуллах» қозғалысының бас хатшысы Хасан Насрулла мәлімдеген.
«Біз Сүрияның оңтүстігінде үлкен өзгерістің алдында тұрмыз. Оны АҚШ пен Израиль қолдауда», - деген ол. Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, сүриялық үкіметтік әскер соңғы бірнеше күннен бері Дера қаласының маңындағы ауылдар мен елдімекендерді «Джебхат ән-Нусра» террористерінен азат еткен. Айта кету керек, Дера, Әл-Кунейтра және Сувейда аймақтарын да қамтитын Сүрияның оңтүстік (оңтүстік-батыс) аймақтары Ресей, АҚШ және Иорданияның келісімі бойынша қауіпсіз аймақ болып саналады. Алайда, Сүрия президенті Башар Асад «Сүрияның оңтүстігін азат ету сценариі әлі белгісіз: бейбіт түрде шешу немесе күшпен босату міндеті бар», - деп мәлімдеген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел