2019 жылы 1,4 млн адамның өз отандарынан өзге мемлекеттерге көшулеріне тура келеді. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғары комиссарының басқармасы хабарлайды. Айта кету керек, бұл көрсеткіш биылғы жылмен салыстырғанда 17%-ға артық.

БҰҰ мәліметі бойынша, сонымен қатар, көптеген елдер шамамен 600 мыңға жуық сүриялықты қабылдауға мәжбүр болмақ. Ал бұл 2018 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық екен. Бұдан бұрын да БҰҰ бүкіл дүниежүзіндегі босқындар санының рекордты көрсеткішке жеткенін айтып, дабыл қаққан еді. Бәрін қосқанда, 69 млн адам соғыстан, қысым әрекеттерінен немесе өз елдерінде қудаланудан қашқан. Ресми дерек бойынша, соңғы он жылда бұл көрсеткіш 50%-ға артқан екен.

“The Qazaq Times”