«Талибан» радикалды қозғалысының шабуылы салдарынан Ауғанстан Қарулы күштерінің кем дегенде 15 әскери қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы «Pajhwok» агенттігі хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, 9 маусым күні «Талибан» ұйымы мен Ауғанстан билігі өзара келісімге келіп, Ораза айтқа байланысты үш күндік уақытша бітім жариялаған еді. Бұл — Ауғанстандағы қақтығыс басталған 2011 жылдан бері алғашқы жағдай. Негізінде, бітімгерлік мерзімі маусымның 11-нен 19-на дейін жалғасады деп күтілген еді. Алайда, «Талибандар» 4 маусымда Кабул қаласындағы террорлық жағдайдан кейін бітім шартын өзгертті. Ал кеше, ДАИШ террорлық тобы мен «Талибан» радикалды қозғалысының белсенділері арасында Ауғанстанның Түркіменстан шекарасында қақтығыс орын алған. Қазір Ауғанстан билігі елдегі жағдайдың бұрынғыдан да шиеленісіп кеткенін хабарлап отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті