Қазақстан Қытайдан алған несиені қайтару мерзімін тағы 2 жылға ұзартты. "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қоры таратқан мәлімет бойынша, біздің ел Қашаған кен орнын байыту үшін Қытайдан алған берешегін 2022 жылы толық өтеп бітуі тиіс.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған іссапарынан кейін, "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов пен Қытайдың сауда-өндіріс банкінің басшысы арасында келіссөз жүргізілген екен. Жиында Қашаған кен орнын дамытуға алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайту және қарызды қайтару мерімін ұзарту мәселесі сөз болыпты.
Біздің ел 2015 жылы Қашағанның құрылысына Қытай банкінен 1,5 млрд доллар несие алған екен. Оны 5 жылда өтеп беруге келіскен. Алайда қомақты қаражатты төлеу кезінде қиындықтар туып, Қазақстан тарабы несие мерзімін ұзартуға мәжбүр болып отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел