Қытайдағы "Әнші" жобасына қатысып жатқан Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген үшінші кезеңді табысты аяқтады. Бұл жолы Димаш Queen тобының "The Show Must Go On" әнін орындаған еді. Байқау қорытындысы бойынша ол бірінші орын алмағанымен, алдыңғы үш үздіктің қатарынан көрінді. Жобаға Қытайдың таңдаулы өнерпаздары қатысып жатқандықтан, бұл да төмен көрсеткіш емес. Алда, әлі талай кезең бар.
Димаштың бұл кезеңде айтқан әні де қытайлық көрермендерді бейжай қалдырған жоқ. Оның талантына, өнеріне халық тәнті болды. Жобадағы бір жаңалық – қатысушылардың бірі, 60 жастағы қытай әншісі Ду Ли Ча денсаулығына байланысты жарыстан кетіп, оның орнына Қытайға танымал, әйгілі әншілердің бірі Жаң Жие келген. Ол – Димашқа басты қарсылас болады деп күтілген. Алайда, Жаң Жие қазақ әншісінен бір саты төмен, 4 орынға тұрақтады. Ал, бірінші орынды, Тан Жин, екінші орынды Жау Ли есімді әншілер иеленіпті.
Димаш келесі кезеңде Уинстон Хьюстонның әнін айтатын болады. Жас талантқа ақжол тілейміз.
Естеріңізге сала кетсек, Димаш өткен бірінші, екінші кезеңде топ жарған болатын.
«The Qazaq Times»


















10 КҮНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? Покровск маңындағы қасап, дрон соғысы және жаңа Бас қолбасшының тактикасы
Алмасбек Садырбай ісі: Протоколдағы «күмәнді» кол қоюлар, Павлодардағы жоқ шығын және тоқтатылған беттесулер
Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар