НАТО ұйымына мүше мемлекеттер қорғанысқа жіті мән беріп, соғыс әлеуетін арттыруға көшті. Бұл туралы ТАСС агентігі хабарлап отыр.

Дерек бойынша, қазір 15 мемлекет әскери қару-жараққа жұмсайтын қаржы көлемін 20 пайызға арттырған. Одан бөлек, сарбаздардың санын да көбейтіп жатыр екен.

НАТО ұйымының басшылары әскери әлеуетті арттыруға әлемде болып жатқан түрлі қайшылақтар түрткі дейді. Тіпті, кейбір мемлекеттер қорғанысқа мықтап ден қоюын осыдан 4 жыл бұрын бастап кеткен.

Осы тұста, НАТО ұйымы қосымша екі штаб құру туралы шешім қабылдапты.  Оның бірі Германияда, екіншісі АҚШ-та орналасады.

“The Qazaq Times”