Қытай түрмесіне қамалған қандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай ағылшын тілінен дәріс беріп, абақтыдағыларға йоганы үйретіп жүр. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қытайдағы елшіміз Ақжарқын Тұрлыбаймен өткен айдың соңында жүздесіпті. Дипломаттың сөзінше, отандасымыз өзін жақсы сезінеді. Ол түрмедегі қыз-келіншектерге ағылшын тілінен сабақ беріп жүр екен. Сондай-ақ, қытай тілін қатар меңгеруде.
Есте болса, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Қытай соты алғашында отандасымызды өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Кейін, сот үкімі өзгеріп, қайта қарауға жіберілген еді. Әзірге Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Қытай сотының қандай шешім шығарары белгісіз.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр