Кеше Құрама Штат президенті Дональд Трамп мұсылман елдерінің өкілдеріне ауызашар берді. Бұл оның президент болғаннан бергі алғаш рет ауызашар беруі. Трамп ауызашарда қонақтарына және әлем мұсылмандарына араб тілінде «Рамадан мүбәрак» деген сөзбен «батасын берді». Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.
Трамптың ауызашар дастарханына Құрама Штаттағы мұсылман елдерінің елшілері, дипломатия қызметкерлері шақырылды. Ол сөз арасында әлемдегі серіктерімен, достарымен ауызашар дастарханында бас қосқанына қуанышты екенін де жеткізді. Ол және ауызашардың әлемдік үлкен діндердің біріне тән қасиетті дәстүр екенін де атап өтті.
АҚШ президенттерінің мұсылмандарға арнап ауызашар беруі президент Клинтон кезінін басталған. Кіші Буш пен Обама кезінде де рамазан айына орай Ақ үйде ауызашар беріп келген. Алайда, Трамп президенттік мерзімінің алғашқы жылында бұл дәстүрді үзіп алып еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді