Иран билігі уранды байыту ісінен бас тартуы керек, деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Науэрт. Бұл туралы eadaily.com агенттігі хабарлайды.
Теһранның (Тегеран) уранды байыту мөлшеріне қатысты шешімі мен Иранның ядролық бағдарламасы жалғастырылады, сонымен қатар 5 маусымнан бастап UF6 аз өндірісі (гексафторид ураны) бойынша уранның мөлшерін ұлғайту процесі басталады деген мәлімдемесіне қатысты Науэрт: «Иран уранды байытуды доғарып, плутоний өңдеумен айналысуы керек», - деді. Еске салайық, Иранның Атам энергия жөніндегі Ұйым өкілі Бехруз Камальванди Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) бұдан былай Иранның уранды байыту мөлшерін ұлғайтуды көздейтіні туралы хат жіберетінін мәлімдеген еді. Ал, 8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп Американың «Иранның ядролық бағдарламасынан шығатынын» мәлімдеп, ирандық режимге қарсы жаңа санкциялар салғаны белгілі. Осыған орай, Иран Еуропаға аталған келісімді сақтау туралы талап түсірген еді.