Канада импортталатын болат пен алюминийге енгізілген салыққа байланысты АҚШ-тың үстінен Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісімі (НАФТА) мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) арыз түсірді. Бұл туралы france24.com/fr агенттігі хабарлайды.
Канаданың Сыртқы істер министрі Христя Фриланд, АҚШ енгізген осы кеден салығын «заңсыз» деп бағалады. Ол: «Американың NORAD (Солтүстік Американың әуе-ғарыш қорғаныс қолбасшылығы) мен НАТО-ның маңызды мүшесі ретінде және Америка болаттарының ең басты клиенті ретінде Канада болат пен алюминийге салынған АҚШ-тың осы қысымдарын негізсіз деп санайды. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғау үшін жалған негіздемелермен жасалынған осы біржақты тарифтер АҚШ-тың халықаралық сауда міндеттемелері мен ДСҰ ережелеріне қайшы. Канада осы тарифтерге наразы Еуропа Одағы мен өзге де наразы елдермен күш біріктіріп, шешім қабылдайды», - деді.