Мэттис америка-жапондық одақтың АҚШ-тағы Азия-Тынық мұхиты аймағына (бұдан былай АТА) маңыздылығын түсіндірді. Доналд Трамптың әкімшілігі де бұл байланысты (АҚШ-Жапония) өздерінің АТА-дағы саясаттарының іргетасы деп бағалайды. Бұл туралы Токиодағы пресс-конференцияда АҚШ-тың қорғаныс министрі Джеймс Мэттис хабарлаған.
«АҚШ пен Жапония арасындағы мәңгілік одақ әлем үшін және Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін өте маңызды. Трамп пен оның әкімшілігі аталмыш байланысқа үлкен мән беріп отыр», – деген министрдің сөзін Киодо агенттігі де беріп отыр.
Сол пресс-конференцияда Жапонияның қорғаныс министрі Томоми Инада Мэттистің оған «ядролық қолшатыр» бергендігін айтады. Бұл кеңейтілген ядролық тежеу АҚШ-тың Жапония алдында «мызғымас міндеттерді» бұлжытпай орындауға кепілдік береді.
Соған байланысты Мэттис мырза Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мен СІМ (мыртқы істер министрлігі) басшысы Фумио Кисидимен кездесті.
«The Qazaq Times»


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі