Халықаралық ақпарат құралдары Иорданияның ағайындық етуімен Израиль мен Иран елдері бір-бірлерімен жасырын кездесті, - деген хабар таратты. Аталған кездесуде Иранның Сүрияның оңтүстік-батысындағы қақтығыстарға араласпауына қатысты мәміле жасалған.
Иран мен Израиль елдері саясаткерлерінің Иордания астанасы Амманда ұйымдастырылған жасырын кездесулерінде «Теһран (Тегеран) билігінің Сүрияның оңтүстік-батысындағы қақтығыстарға араласпауы» мәселесіне қатысты мәмілеге келген.
Мәселен, Сауд-Арабияның «Илаф» басылымының хабарлауынша, Иран Қауіпсіздік органдары мен Моссад барлау ұйымының өкілдерімен қоса, израильдік саясаткерлердің Аммандағы бір қонақүйдің әртүрлі бөлмелерінде қалғандары, тараптар арасындағы келіссөздердің иорданиялық бір «делдалдың» хат тасымалдауы арқылы қонақүйдің түрлі бөлмелерінде өткені айтылды. Аталған хабарда сол кездесулерде негізінен Сүрияның оңтүстік-батысындағы, әсіресе Дера және әл-Кунейтера қалаларында болуы мүмкін қақтығыстар туралы сөз болғаны жазылған. «Кездесу соңында Иранмен қатар ливандық Хизбуллаһ және өзге де шииттік топтардың сол аймақта Асад режим күштері мен оппозиционерлер арасында туындауы мүмкін қақтығыстан аулақ болу және Иорданияның да шекараларында қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты келісімге келді», - деп жазылған.
Халықаралық сарапшылар мен бақылаушылар осы кездесуге «әдеттен тыс әрі түсініксіз» деп баға беруде. Олар: «Израиль Сүрияға қарсы соңғы шабуылдарда көп адам жоғалтқан Теһран билігінің Сүрияда одан сайын шығынға батпауы үшін және қысымға ұшырамауы үшін оңтүстік-батыста Асад күштері мен оппозиция арасында жақын күндері болуы мүмкін қақтығыстарға араласпауды қабылдады», - деген пікірлер жазды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді