Президент Николос Мадуро АҚШ билігі Венесуэлада әскери төңкеріс жасауға ұмтылуда деп мәлімдеді. Бұл туралы Globovision хабарлайды.

Президенттің ойынша, АҚШ осылайша елдегі билікті өзгерткісі келеді. Алайда, Мадуро Венесуэланың ұлттық қарулы күштері «рухани тұрғыдан мықты» әрі өздерінің қандай да бір арандату әрекеттеріне берілмейтіндіктерін дәлелдей алады деп мәлімдеді.

Үстіміздегі жылдың 24 мамырында Вашинтон Венесуэланың екі дипломатын «персона нон-грата» деп жариялаған еді. Ал бұдан бұрын Венесуэла президенті 22 мамыр күні өзінің Ұлттық сайлау кеңесіндегі үндеуінде елден АҚШ-тың сенімді өкілі Тодд Робинсон мен мемлекеттік елшісі Брайан Наранхоны елден кетіру туралы хабарлаған болатын.

Еске салайық, 20 мамыр күні Венесуэладағы президенттік сайлау аяқталып, Николос Мадуро жеңіске жеткен бойда, АҚШ латынамерикалық елдерге қарсы санкция салған еді.

“The Qazaq Times”