Қазақстан Өзбекстанға ЖОО-на түсу үшін 10 мың грант бөлді. Елбасы Н.Назарбаевтың бұл туралы шешімі Самарқандта өткен «Қазақстанның білім күндері» көрмесінде хабарланды.
Өзбекстандық бітірушілер Қазақстанның кез келген 30 университеті, институты және академиясының экономикалық, техникалық, медициналық және гуманитарлық саласында жеңілдетілген жағдайда жоғары білім ала алады. Бұдан бөлек, екі мемлекеттің жоғары білімді дипломы табысталады. Сонымен қатар, биыл Өзбекстаннан Қазақстанға 5 мыңға жуық түлек оқуға келеді деп күтілуде.
Айта кету керек, 2018 жыл Қазақстанда «Өзбекстан жылы» деп танылды.
Өзбекстан соңғы жылдары Қазақстанмен түрлі салалардағы ынтымақтастығын белсенді дамытуда. Соңғы жылдары екі республика арасында 62 млн. АҚШ долларынан асатын сегіз құжатқа қол қойылған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы