Ауғанстанның Газне провинциясында Талибан қарулы күштерінің шабуылынан 14 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Жергілікті ресмилердің мәліметіне қарағанда, қарулы топ бірдей уақытта Чагату және Дех-як қатарлы екі ауданға шабуыл жасаған. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Мәліметке қарағанда, Газне кеңесінің депутаты Хасан Реза Юсуфидің берген мәліметіне қарағанда, қаза болғандар арасында Дех-як ауданының палиция басшысы да бар. Ол және Талибан шабуылынан қаза болғандардың саны әлі толық тұрақтанбаған атап өтті.
Көп өтпей Талибан мәлімдемешісі Забихуллах Мүджахид мәлімдеме таратып: «Кезекті қарулы шабуыл арқылы екі ауданды бақылауға алдық. Шабуылда 43 қауіпсіздік қызметкерін жойдық», – деді.
Соңғы кезде Ауғанстандағы террорлық топтардың белсенділігі күшейіп, ел үкіметіне қарасты қарулы күштерге жиі шабуыл жасауда. Талибан мен ДАИШ ұйымдарының Ауғанстандағы бақылауына алған аймақтарының көлемі ай сайын кеңейіп келеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы