Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру бастамасы аясында қолға алынған электрондық үкімет веб-порталы - бүгінгі таңда 746 мемлекеттік қызмет түрлерінің 2/3 бөлігін электронды түрде алуға мүмкіндік береді.
Күн сайын 30 мыңға жуық азаматтар электрондық үкіметті қолдануға талап білдіріп, электрондық-цифрлық қолтаңба алуға Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарына жүгінуде. 1 жыл мерзіміне берілетін цифрлық қолтаңбадан бөлек, порталға кіру мобильді азаматтар базасында тіркелу арқылы да қолжетімді. Жеке сандық нөміріне ұялы телефон нөмерін тіркеу электрондық веб-портал немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда мобильді азаматтар үшін 44 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олар сұранысқа ие мекен-жай анықтамасы, сотталған немесе сотталмағандығы жөніндегі сияқты қарапайым анықтама түрлері мен АХАЖ бөлімінен алынатын телнұсқалар және т.б. Ақпараттар мен инновация заманында қолға алынған бұл бастама, өз артықшылары мен қолжетімділігі арқасында азаматтар арасында жоғарғы сұранысқа ие. Бүгінде мобильді азаматтар базасында тіркелгендер саны 2 миллионға жеткен.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы