АҚШ вице-президенті Майк Пенс «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында КХДР басшысы Ким Жоң Ынның (Ким Чен Ын) Трамппен «ойнауға» тырысқан әрекеті бекершілік деп, ескерту жасады. Бұл туралы lanouvellerepublique.fr ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Ким Жоң Ынның өзін Дональд Трамппен "ойнай" алады деп есептеуі үлкен қателік болар еді», - деген Пенс сұхбат барысында. Ал, телеарна тілшілерінің «Трамптың осы кездесуден бас тартуы мүмкін бе?» деген сұрағына Пенс, мұндай жағдайдың «әбден мүмкін» екенін айтты.
«Меніңше, Трамп өзін-өзі жарнамалауды ойламайды. Ол әлем туралы ойлайды» , - деді ол.
АҚШ пен КХДР арасындағы жаңа текетірес Трамптың Қауіпсіздік кеңес жөніндегі жаңа тағайындалған кеңесшісі Джог Болтонның КХДР-ның қарусыздандырылуы «ливиялық сценарий» бойынша өрбуі мүмкін деген сөзі түрткі болған.
Еске салайық, өткен аптада КХДР президенті Ким Жоң Ын АҚШ президентімен 12 маусымда Сингапурде болады деп жоспарланған кездесу туралы әлі де ойланатынын мәлімдеген еді. Міне, содан бері екі ел арасында аталған кездесу төңірегінде талқы толастар емес.