Қытай инвесторлары Қазақстанда салынатын жаңа жолдардың құрылысын қаржыландырмақ. "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асқар Достияровтың айтуынша, Қытайдың жеті бірдей қаржыгері 350 млн доллар бөлуге даяр екен. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.
Қос тарап арасындағы бұл келісімге Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті жиыны кезінде қол қойылады. Олар бірлескен қор құрып, отандық компания әзірлеген бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Қазірдің өзінде қорда 400 млн долларға жуық қаражат бар екен. Оның тек 7 пайызы ғана отандық инвесторларға тиесілі. Қалғанын қытайлық қаржыгерлер құйған.
Осы тұста, екі ел арасындағы бұл байланыстың беки түсіп, Шыңжаң аймағында қыспаққа алынған этникалық қазақтардың бұғаудан босауына ықпалы тисе игі еді. Өйткені, шу шыққан өңірдегі жағдай қазір бірте реттеле бастағанын аңғаруға болады. Осыған дейін, аймақты бірнеше жыл басқарған лауазымды тұлғалардың орнынан кетіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ниетті адамдардың жаңа қызметтерге тағайындалғанын хабарлаған едік.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті