Түркия Соты 104 әскери қызметкерге 2016 жылғы төңкеріс әрекетіне қатысқандары үшін өмір бойына түрмеге отыру жазасын берді. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлайды.
Одан бөлек, Түркияның Измир қалалық соты 21 адамды «президентті өлтіруге әрекеттенген» қылмысы бойынша, 20 жылға бас бостандықтарынан айырып, 31 әскери қызметкерге «террорлық ұйымның мүшесі» деген айыппен жеті жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Еске салайық, 2016 жылдың 16 шілдесінде Түркияда әскери төңкеріске әрекет жасалып, сәтсіз аяқталған еді. Сәтсіз әскери төңкеріс әрекетінен кейін 40 мыңнан астам адам тұтқындалды. Көтеріліс салдарынан 161 адам қаза тауып, 1440 адам жарақат алған болатын.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Ислам насихатшысы Фетуллаһ Гүленді айыптаған. Ал, көптеген жылдан бері АҚШ-та тұратын Гүлен өзіне тағылған бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеген еді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі