Йемендегі Хусид күштері жағынан Сауд Арабиясының Хамис-Мушайт қаласына зымыран шабуылы жасалды. Зымыран Сауд Арабиясының әуе қорғаныс жүйесі жағынан әуеде жойылды. Бұл туралы «әл-Ихбариен» ресми ақпараттық агенттігі хабарлады.

Йемендегі Хусид күштеріне қарасты «әл-Месире» телеарнасы, «Бедир-1» зымыранының Хамис-Мушайт қаласындағы радар жүйесін нысанаға алғанын айтқан.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері Йемендегі соғысқа 2015 жылдың 26 наурыз күні араласқан болатын. Үш жыл ішінде Хусид күштері Сауд Арабиясы территориясына 140-тан астам зымыран шабуылын жасаған.

Сауд Арабиясы Хусидтердің зымыран шабуылына Иран тарабы қолдау көрсетіп келеді деп қарайды.

“The Qazaq Times”