Катар палестина босқындарына 50 млн АҚШ доллары көлемінде ақшалай көмек атады. Катар әмірлігі бұл қаржыны БҰҰ-ның Палестина босқындарына жәрдем беру агенттігіне табыстаған. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
50 млн доллар көлемінде көмек қаражаты туралы Катардың даму қоры жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде: «Аталған қаражат палестиналық босқындарға білім беру істеріне жұмсалуы мақсат етілді», – делінген.
Көмек беру протоколына Катардың сыртқы істер министрі және БҰҰ-ның Гуманитарлық көмек жөніндегі бас хатшының орынбасары қол қойған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы