Оңтүстік Корея Дональд Трамп пен Ким Жоң Унның (Ким Чен Ын) арасындағы тарихи кездесудің жүзеге асырылуы үшін АҚШ пен КХДР-ға араағайындық жасауға дайын. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr агенттігі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, КХДР жетекшілігі Ким Жоң Ун мен Дональд Трамптың тарихи кездесулері болмай қалуы мүмкін екенін жариялаған еді. Корей басшысының бұлай айнып қалуына АҚШ-тың Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тарту талабы себеп болған деседі.
Сонымен қатар, 16 мамыр күні КХДР мен Оңтүстік Корея елдері кездеседі деп жоспарланған болатын. Алайда, «өте жоғары деңгейде» өтеді деп жоспарланған сол кездесу де КХДР тарапынан қабылданбаған еді. Енді президент Мун Чжэ Иннің үкіметі түрлі жолдар арқылы қос Корея елі мен АҚШ арасында «араағайындық рөлге» белсенді түрде кірісуде.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы