Жапония мен оңтүстік кореялық БАҚ-тың хабарына қарағанда, бүгін Қытай орталық қаласы Бейжіңге Солтүстік Кореяның тағы бір жоғары дәрежелі делегациясы сапарлай барған. Солтүстік Корея мен Қытай арасындағы жиілей түскен күрделі қарым-қатынастар сыртқы елдердің назарын аударуда. Бұл туралы VOA News хабарлады.
Бейжіңдегі танымал «Diao Yu Tai» қонақ үйне жайғасқан солтүстік кореялық делегация сол елдің жоғары лауазымдыларымен кездесу өткізеді деп күтілуде. Солтүстік Кореяның жоғары деңгейдегі делегациясының Қытай сапары екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарының жандана түскенін аңғартады.
Осыдан бір апта бұрын ғана Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Қытайдың Далянь жеріне сапарлай барып, ҚХР төрағасы Ши Жинпиңмен бейресми кездесу өткізген еді. Ол және екі ел басшысының 6 апта ішіндегі екінші рет кездесуі болған.
Айта кетейік, АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының келіссөз кездесуі 12 маусым күні Сингапурде өтетіні белгілі болған болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы