АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге көшірілуінің салтанатты рәсіміне 86 мемлекетті шақырған Израильдің шақыртуын 54 ел жауапсыз қалдырды. Израильдің «Хааретз» басылымының хабарлауынша, олардың басым көпшілігі Еуропа Одағына мүше елдер.
Сонымен қатар, Ресей, Мысыр, Үндістан, Жапония және Мексика елдерінің де осы құттықтау рәсіміне қатыспайтындықтары белгілі болды. Еуропа Одағына мүше төрт ел — Австрия, Мажарстан, Румыния және Чехия Республикасы ғана шақыртуды қабыл алған. Ал, Еуроодаққа мүше емес, алайда Еуропа елдері болып саналатын Албания, Македония, Сербия, Украина және Грузия аталған рәсімге қатыспақ.
Бұдан бұрын да сайтымызда Еуропа Одағының АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге көшірілуін құптамағаны мен Шығыс Иерусалимді өздерінің болашақ астаналары ретінде санайтын палестина халқының көтеріліс жасап жатқаны туралы хабарлағанбыз. Бұдан кейінгі жағдайдың қалай болары белгісіз. Әзіргі белгілісі, ертең, 15 мамыр күні палестиналықтар осыған қатысты ірі марш ұйымдастырмақ.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі