АҚШ президенті Дональд Трамп қызы Иванка Трамп пен күйеу баласы әрі Ақ үйдің бас кеңесшісі Джаред Кушнермен бірге Иерусалимде Американың елшілігін ашуда. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлайды.
Елшіліктің Тель-Авивтен Иерусалимге көшірілуі Шығыс Иерусалимді палестиналықтардың болашақта астанасы болады деп санайтын палестиналықтардың наразылығын оятып, жаппай қарсылық шарасына ұласуда.
Ал, уақытша елшілік АҚШ-тың Иерусалимдегі консулдығының ғимаратында бүгін жұмысын бастамақ. Салтанатты рәсім Израильдің 70 жылдығына қарсы өтеді. Оған президенттен бөлек, АҚШ-тың қаржы істері жөніндегі министрі Стивен Мнучен мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джон Салливан да қатысады.
Израиль премьер-министрі Бенджамин Нетаньяху «барлық елдерді АҚШ секілді елшіліктерін Иерусалимге көшіруге» шақырды.
Палестина автономиясының президенті Махмұт Аббас Дональд Трамптың бұл шешімін «ғасыр қорлығы» деп атады. Ал, Еуропа Одағы елшіліктің көшірілуіне қатысты қарсылығын білдірді.
Еске салайық, Газа секторы мен Израиль шекарасындағы қанды тәртіпсіздіктер 30 наурыздан бері жалғасуда. Палестиналық қарсылық қозғалысты ұйымдастырушылар осылайша Израиль билігіне деген өз наразылықтарын білдіруде. 15 мамыр күні мыңдаған адам қатысатын ақтық марш өтеді деп күтілуде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті