Универсиада-2017. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская 7,5 километрлік спринтерлік жарыста жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Алғашында бір рет сүрінген Вишневская, берілген межені 21 минут 43,1 секундта алғашқы болып бағындырды. Күміс жүлдені украиналық спортшы Яне Бондарь (+22,8), ал үшінші орын ресейлік Анастасия Еговраға (+36,7) бұйырды.
Қазақстандық өзге спортшыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:
Дарья Усанова (3 рет сүрініп, +1:06 уақытында) жетінші орынға, Анна Кистанова (+1:31,1) 18-ші орынға және Анастасия Кондратьева (+3:05,8) 21-орынға табан тіреген.
Еске сала кетейік, биатлоншы Вишневская алдыңғы күнгі сайыста 15 километрді Алина Райковадан кейін бағындырып, «күміс» жүлдені еншілеген. Қазақстан құрамасы үшін бұл – «Универсиада-2017» сайысындағы үшінші алтын болды. Құраманың қоржынында 3 алтын, екі күміс, 4 қола жүлде бар.
«The Qazaq Times»