Тимур Құлыбаев Ресейдің «Высоцкий» портын сатып алды.
Сәуір айының 28-і күні Ресей монополияға қарсы федералды қызметінің басшысы Игор Артемьев қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың Ленинград облысындағы «Высоцкий» көмір тасымалдау портын сатып алғандығы жөнінде мәлімдеді. Бірақ Артемьев мырза Құлыбаевтың аталмыш портты қаншаға сатып алғандығы жөнінде ешқандай мәлімет таратпады.
Мамыр айының 10-ы күні РФ Табиғи монополия проблемалары институтының директоры Юрий Саакян «Высоцкий» портына қатысты зерттеу жұмыстарының қорытындысын жариялады. Саакянның сөзінше, Ресей порттары жергілікті компаниялардың мүделеріне сәйкес дамып жатыр және қазақстандық компаниялар Ресей порттарын инвестиция құю нәтижесінде ғана сатып ала алады.
Юрий Саакянның мәлімдемесінен кейін ресейлік сарапшылар Қазақстан мен Ресей жоғары элиталары арасында өзіндік келісім бар екендігін айтуда. Олар бұған Тимур Құлыбаевтың президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы екендігін дәлел ретінде келтіруде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті