Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр тағына Дмитрий Медведевті ұсынды. Бұл туралы Кремльдің баспасөзі Путиннің инаугурациясынан кейін дереу жариялады.
Ресей заңына сәйкес, министрлер кабинеті дүйсенбі, яғни 7 мамыр күні отставкаға кетуі керек еді. Алайда, бұл үрдіс қазір тек қағаз жүзінде ғана қалып тұр деп хабарлайды, «euronews» агенттігінің орыс қызметі.
Госдума Медведевтің кандидатурасын бүгін қарауға алмақ. Сарапшылар, оның үкімет басшылығы қызметіне тағайындалуына әзірге ешқандай кедергі жоқ деген пікірде. Тіпті, «Әділ Ресей» (Справедливая Россия) сияқты кейбір партиялар оған қарсы дауыс беруге дайын болса да, Медведевтің премьер-министр болып сайлану ықтималдылығы басым.
Еске салайық, Медведеев премьер-министр лауазымын 2012 жылдың 8-мамырынан бері атқарып келеді. Ол бұл қызметті Ресей тарихында өзінен бұрынғы өзге әріптестерімен салыстырмалы түрде алғанда, өте ұзақ атқарған.