Өткен аптада тағайындалған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран ядролық мәселесіне байланысты мәлімдеме жасап, Иранды «жасырын ядролық бағдарламаны жүзеге асыруда» деп айыптады. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Майк Помпео аталған мәлімдемесін жазбаша түрде жария еткен. Мәлімдемеде: «Көп жылдан бері Иран тарабы өзінің атомдық бағдарламаларының бейбіт мақсатта пайдаланатынын айтып келген. Алайда, Израиль тарабы қолға түсірген дәлелдер, Иран үкіметінің айтқаны жалған екенін көрсетті»,– делінген. Ол Израиль Барлау агенттігінің қолға түсірген материалдарын алға тарта отырып, Иранды ядролық бағдарламаларды жасырын жүзеге асырып жатқанын айтты. Ол және Израиль тарабы ресми мәлімдеген бұл дәлелдердің рас екенін атап өтті.
АҚШ мемлекет хатшысы бұл істі жалғасты анықтай отырып, АҚШ тарабы Иранмен қол қойған ядролық келісімді қайта қарайтынын жеткізді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау