Қытайдың әскери-теңіз күштері Тайуан (Тайвань) бұғазында ауқымды әскери оқу-жаттығу өткізді. Қытайдың Тайуан бұғазындағы әскери жаттығуыларының алдынғы сериясы 2016 жылы болып өткен еді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Қытай мемлекеттік телеарнасының, «Шинхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігінің таратқан хабарларына, бұл әскери жаттығудың мақсаты Тайуанның тәуелсіздігін қолдаушы тараптарға ескерту жасау.
Қытай Қорғаныс министрлігінің хабарында, кезекті оқу-жаттығуға H-6K бомбалаушы ұшағы қатысатынын, оған екі бірдей AKD-20 алыс аралықтағы зымыран орнатылғаны мәлім болған. H-6K бомбалаушы ұшағы төрт шабуылшы соғыс ұшақтарының қорғауында Батыс Тынық мұхитын кесіп өтіп, Тайуан кеңістігіне жақындаған. Бұл Жапония қорғаныс тарауларының наразылығы мен алаңдаушылығын тудырды.
Қытайдың Фужиян Оңтүстік Теңіз қауіпсіздігі бас штабы 11 сәуір күні бұл ауқымды оқу-жаттығу туралы хабарлап, оқу-жаттығуда кәдімгі шын оқтұмсықтар мен зымырандар пайдаланатынын айтқан еді.