Былтыр міндетінен алынған Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифтың өмір бойы мемлекеттік қызмет пен саясатқа араласуына тыйым салынды. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.

Пәкістанның Конституциялық сотының 5 бірдей төрешісі, ел Конституциясының 62-ші бабына сәйкес үкім шығарып, бұрынғы премьер-министрдің үлкен саясат пен мемлекеттік қызметке араласуына шектеу қойды. Үкімде бұған қоса Тахрики Инсаф партиясының жетекшісі Жиһангир Таринге де осыған ұқсас шектеу қойды.

Елдің Конституциялық соты былтыр 28 шілде күні жемқорлық және қызмет құқығын пайдаланып, отбасы мүшелеріне қолдау көрсетті деген айыппен Наваз Шарифтің премьер-министрлік қызметін тоқтатқан болатын.

“The Qazaq Times”