Федералды Барлау агенттігінің (Federal Bureau of Investigation, FBI) бұрынғы басшысы Джеймс Коми, алдағы апта нарыққа шығарылатын кітабында өзін қызметінен босатқан АҚШ президенті Дональд Трампты «мәдениетсіз және нағыз менмен» деп жазған. Бұл туралы www.bbc.com агенттігі хабарлауда.
Ол Трампты өз «менінің» құлы, мафияның әкесіне теңеген. Трампты қолдаушы республикашылар аталған кітапқа «өтірікке толы және өш алу мақсатында жазылған» деп, интернетте lyincomey (өтірікші Коми) деген сайт ашып, оған қарсы шығуда.
Коми, Трамп билігін өртенген орманға теңеген. Әрі үкіметтегі өзге де «мәдениетті» саясаткерлер сол орманды өрттен құтқара алмаған деп жазған. Америкалық «Washington Post» басылымында алдағы апта нарыққа шығарылатын кітап үзінділерінде Комидің ФБА басшысы болып тұрған кезіндегі көптеген құпияларды ашқаны жазылған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді