Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Тогуз-Тороу ауданы тұрғындары осыған дейін де Макмал кен орнынан алтын шығаратын фабрика салуға қарсы болып, 11 сәуірде 500-ге жуық адам тағы да митингке шыққан олар «Жи Эл Макмал Девелопинг» алтын өндіру компаниясының ғимаратын өртеп жіберген. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Түсініктеме беруден бас тартқан Тогуз-Тороу әкімдігі халықтың наразылыққа шығып жатқанын растады.
ІІМ мәліметі бойынша, митингке шыққан жастар алдарына келген комиссия өкілдеріне қарсы тас лақтыра бастаған. Одан кейін жиналғандар фабрика аумағына қарай лап беріп, салынып жатқан ғимарат құрылысына өрт қойған. Сонымен бірге салынған үйлерді, техникаларды да өртеген.
Қырғызстанның премьер-министр Сапар Исаков 11 сәуірде Тогуз-Тороу ауданы әкімі Тілек Идирисовты қызметінен алған. Исаков халықты арандатуға алданбауға шақырған.
Осыған дейін фабрика құрылысы тоқтап қалғаны айтылған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді