Сауд-Арабиясының ханзадасы Мұхаммед Бин Салманның Францияға келуі елдегі иемендіктер мен көптеген адам құқықтары ұйымдарының қарсылықтарын оятты.
Париждің атақты Трокадеро алаңында жиналған бір топ иемендік Францияға келген Салманды «Иеменнен қолыңды тарт!» деген ұрандармен қарсы алды. Көтерілісшілер Иранның қолдауындағы хүситтерге қарсы әуе шабуылдарын ұйымдастырған Сауд-Арабиясынан осы шабуылдарға нүкте қоюын талап етті.
Бір тұстан ортақ мәлімдеме жасаған адам құқықтары жөніндегі 10 ұйым Салманнан дереу әуе шалбуылдары мен гуманитарлық дағдарысты ушықтырушы блокадаға нүкте қоюын сұрады.
Адам құқықтары жөніндегі ұйымдар Францияның Сауд-Арабиясына қару сатқанын да сынға алды. Сауд Арабиясы мен БАӘ хүситтердің 2015 жылы бастаған көтерілістеріне қарсы премьер-министр Мансұр Хадиге қолдау көрсетіп, оларға қарсы әуе шабуылдарын бастаған еді. Ал, БҰҰ Иемендегі осы қақтығыстарда 2015 жылдан бері 10 мың адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді