Қазақстан мен Сербия қылмыспен күрес аясында серіктестік туралы келісімшартқа қол қоюға ниетті.

Құжат жобасына сәйкес, тараптар өз елдерінің ұлттық заңдарына сай, сонымен қатар өздері қол қойған халықаралық келісімшарт арқылы төмендегідей қылмыс түрлерімен күресу аясында серіктестік жасамақ.

  1. Ұйымдасқан қылмыс;
  2. Экстремизм;
  3. Терроризм және терроризмді қаржыландыру;
  4. Халық денсаулығына және жеке тұлғаға қарсы қылмыс;
  5. Атыс қарулары, қарулар, жарылыс заттарын, ядорлық, улы, радиоактивті заттарды қолдану арқылы қылмыс жасау немесе оған әрекет ету;
  6. Заңсыз көші-қон, адам саудасы, аам ағзасы мүшелерін сату, сонымен қатар еңбек және жыныстық зорлау істеріне қатысты қылмыстар;
  7. Есірткі заттарының заңсыз тасымалы;
  8. Төлемақы, чек, бағалы заттар және жалған ақша жасаумен айналысу;
  9. Тарихи құндылығы бар мәдени жәдігерлерді заңсыз саудалау;
  10. Жемқорлық;
  11. Экономикалық қылмыс.

Екіжақты келісім бойынша тараптар өзге де кез келген қылмысқа қарсы күресу үшін серіктестік жасаспақ.

“The Qazaq Times”