Дүниежүзінің географиялық картасында өзгеріс болуы мүмкін. Кеше Румыния парламенті тарихта "Бессарабия" деген атаумен белгілі Молдова жерінің Румыниямен бірігуінің 100 жылдығына орай өткізілген еске алу жиынында Молдовамен бірігу ниетін білдіретін декларация жариялады, деп хабарлайды " kamuoyu.org"
Румыния халқының Молдовамен бірігу тілегін жеткізген бұл декларация арқылы, мұндай бастаманың Молдова халқының шешімімен ғана жүзеге асырылатыны, Румыния халқының осы тарихи шешімге дайын екендігі хабарланды.
"Бір ұлыс, бір ұлт ретінде танылуды ұсынамын"
Декларацияда Бессарабия аймағының "Атажұртпен" бірігуінің 100 жылдығында осы аймақтың бүгінгі атауы Молдова мен Румынияның қайтадан бірігу тілектерінің заңды және дұрыс екендігі де тілге тиек етілген. Парламенттің еске алу жиынында сөз алған Социал-Демократиялық Партиясының (PSD) басшысы Ливиу Драгня, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 1975 жылғы Хельсинки актісіне назар аудартты. Ол бұл актінің Еуропа халықтарының "өзін-өзі анықтау және тең құқылық" қағидасы құқығына арналғанын атап өтіп, "Мен Румынияның Молдовамен қосылып, Еуропа сахнасында бір ұлыс, бір ұлт ретінде танылуын ұсынамын", - деді.
Молдова да бірлесуге "кетәрі" емес
Румыния Парламентінің "Румын халқы мен Молдованың бірігуі" атты жиынына Молдова Парламенті мен Молдова үкіметінің өкілдері де қатысқан. Молдова Парламенті басшысы Ардиан Джанду өз сөзінде Молдова халқының Румынияның қолдауына мұқтаж екенін айтып, бүгінге дейін Еуропаға апаратын жолдар мен көпір құрылыстарының және өзге де аймақаралық істердің тек Румынияның көмегімен ғана жүзеге асырылғанын жасырмады.
Тарихта "Ұлы Румынияның" бір бөлшегі ретінде қарастырылып келген Молдова мен Бессарабия аймағы, Осман империясы мен Ресей арасындағы соғыс салдарынан 19 ғасырда Осман империясының құрамынан шығып, Ресейге өткен болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді