Израйльдің Бас Штаб генералы Гади Айзенкот, Израйльдің Сүрияда қайтадан шабуылға көшкендігін хабарлады. Ол "The Jerusalem Post" басылымына берген сұхбатында өткен айда Израйльдің бір ұшағы атып түсірілгеннен кейін Сүрия аймағына қайтадан шабуыл жасауға кіріскендерін айтқан. Бұл туралы "kamuoyu.org" хабарлады.
Айзенкот, әсіресе Иранның Голан таулары арқылы Израйль шекарасына жақындай алмай отырғандығын, Ливан шииттік ұйымы Хизбуллахтың да Израйльдегі белгілі бір нысандарға шабуыл жасау үшін жеткілікті деңгейде зымыран күшіне ие еместігін тілге тиек етті. Израйль әскері өткен айда Сүридағы "Иран нысандарына" шабуыл жасаған реактивті ұшақтарына оқ жаудырылғанын және де бір " F-16" үлгідегі ұшағының атып түсірілгенін әлі ұмыта қоймағандарын айтып, жұма күні шекара маңында өткізілетін ереуілде палестиналықтар Израйль инфрақұрылымына шабуыл жасаған жағдайда әскеріне оқ жаудыруға рұқсат та беретінін жариялады. Айта кету керек, палестиналық топтар 30 наурыз, Жерді қорғау күнінде Газа секторы-Израйль шекарасында "Елге оралу ереуілі" ұйымдастыруды жоспарлауда. Палестиналық көптеген ұйымдар 1948 жылы отандарын тастап кетуге мәжбүр болғандардың "Елге оралу" құқықтарын пайдалана алулары үшін ереуіл ұйымдастырмақшы.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр