Мысыр президентінің тағы үшін екі үміткер таласқа түсуде. Олар Мысырдың қазіргі президенті, 63 жастағы Абдель Фатах Ас-Сиси мен "Әл-Гад" ("Ертең") партиясының 65 жастағы басшысы Мұса Мұстафа Мұса.
Бүгін басталған Мысырдағы президент сайлауы сәрсенбіге дейін, яғни 28 наурызға дейін жалғаспақ. Бірінші кезеңде үміткер 51% дауыс жинауы керек. Мысырдағы бұл президент сайлауы 2011 жылғы революциядан кейінгі үшінші сайлау болып есептеледі. Ол кезде Ас-Сиси 97% дауыс жинап, ал оның жалғыз қарсыласы Хамдин Ас-Саббахи 2, % ғана дауысқа қол жеткізген еді.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрынғы президент сайлауы 2014 жылы өткен. Сол жолғы революция кезінде елді 1981 жылдан бері билеп келген Хұсни Мүбарак биліктен аластатылған еді.